Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

147,6 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді

Шымкент қаласында 147,6 шақырым топырақ жолға шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды. 1 желтосқанға дейін тағы 90,0 шақырымға шағал тас төселеді. Жылдық жоспар 237,6 шақырым болып белгігенген болатын.

Атап айтқанда, Абай, Әл-Фараби аудандары бойынша 144 көше (52,7 шақырым), Еңбекші, Қаратау аудандары бойынша 133 көшеде (94,9 шақырым) топырақ жолдарға тас төсеу жұмыстары толық орындалды.

Талдау жұмыстары барысында тағы 90 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу қажеттілігі туындады. Қазіргі уақытта Қаратау, Еңбекші аудандарындағы 53 шақырым жолды «Базис К» ЖШС, ал Абай, Әл-Фараби аудандарында 37 шақырым жолды «Ақ Орда» ЖШС мердігерлігімен шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Ерлан Қошанов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

admin

Ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған

admin

Ағаштарды дәрілеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

admin