Күлкі — көңілдің ажары
Британдық ғалымдар кәрілікке қарсы дәрі ойлап тауып, оны тышқандарға сынап көрген. Зерттеу нәтижесінде бірде-бір тышқан тірі қалмаған. Қазір бұл дәріге Жинақтаушы Зейнетақы қоры қатты қызуғышылық танытып отыр…
— Сіздің өзгелермен бірдей жұмыс істесеңіз де, көбірек табысқа жетуіңіздің сыры неде?
— Мен бар болғаны ешкімге қарсы келмеймін.
— Бірақ, бұл мүмкін емес қой!
— Мүмкін емес десеңіз, мүмкін емес…
— Жаным, сен менің миллиардтың ішіндегі жалғызымсың!
— Тоқта, жер бетінде 7 миллиард адам бар ғой!
— Болса ше?
— Демек, сенің менен басқа тағы алты қызың бар екен ғой!
— Мен қарсымын!
— Мен саған әлі ештеңе ұсынған жоқпын ғой?!
— Енді ұсынсаңшы…
— Сен қарсылығыңды білдіріп қойдың емес пе?!