Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Төлеби ауданының Көксәйек ауылдық округінде орналасқан «АДС-АГРО» ЖШС мал бордақылау алаңын кеңейтіп, жылқы санын көбейтуді қолға алған. Кәсіпкер Пірімхан Жүнісов бұл саланы дамыту үшін мемлекет көмегіне жүгінген. Серіктестік алғашқы кезде «ҚазАгро» қаржы ұйымынан 214 млн теңге несие алып, мал бордақылау мақсатында ірі қара сатып алған. Кейіннен, «ҚазАгро» АҚ-нан жеңілдетілген несие алып, жылқы басын көбейтуді қолға алған. Қазіргі таңда серіктестік 18 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуда. Жалпы 18 гектар аумақта орналасқан кешенде қазіргі таңда 600 бас жылқы өсірілуде. Кәсіпкер жыл соңына дейін жылқы санын 1000-ға жеткізуді көздеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ҚЫЗМЕТШІГЕ ІСКЕРЛІКПЕН БІРГЕ АДАЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ БОЛУЫ МАҢЫЗДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДИДАР ХАМЗА – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

admin

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КӘРІЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin