Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: жергілікті тұрғынға мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп, 1 000 000 теңгесін иемденіп кеткен азаматшаны анықталды

Еңбекші АПБ-на  жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша мемлкеттік бағдарлама бойынша үй алуға құжаттарын жинап беремін деп, 1 000 000 теңгесін иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте бір тәулікте қауіпсіздік белдігін тақпаған 67 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды

admin

ЕЛБАСЫ «RIXOS TURKISTAN» ҚОНАҚ ҮЙІНЕ БАРДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1270 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ САЛЫНДЫ

admin