Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға көше бойында тұрған «Нексия» маркалы автокөлігін эвакуаторға салу арқылы ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке мүлкіне сақ болуға шақырады.
