«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібінде ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығын талқылау.

Отырысты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы ашып, жүргізіп отырды.

— «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» екенін Елбасы бесінші тұғырда нақтылап өтті. Расымен де біз тарихы тереңнен бастау алатын, рухани-мәдени мұраларға бай елміз. Осы уақытқа дейінгі айтылып келе жатқан рухани жаңғырудың мән-маңызына терең бойлаудың сыры да осында жатыр. Тарихымызды біліп, мәдени құндылықтарымыздың бағасына жетіп, ұлттық рухымызды сақтай алған кезде ғана мемлекетіміздің өркендері сөзсіз. Сондықтан Елбасы мәдениетімізді зерделеп, рухани құндылығымызды дұрыс насихаттауға шақырады», — деді Ж.Бектаева.

Елбасы ұсынған жеті қағидат бойынша Шымкент қалалық «Miras» аймақтық кеңесінің төрайымы Айдарбекова Күлия Смайылханқызы мен «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жетекшісі Оралбаева Зауре Абдихамитқызы баяндама дайындады.

Кеңес мүшелері қағидаттар жиынтығында айтылған мәдениет, білім, жастарды еңбекке баулу мәселелері төңірегінде ұсыныстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.