ТҮРКІСТАН: 32 СЕКТОРДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

Түркістан қаласындағы әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Көркейту және абаттандыру мақсатында қала 32 секторға бөлінген. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістанда қарағаш пен тез өсетін терек, жиде ағашы отырғызылды. Көшеттер Сарыағаш, Қазығұрт ауданындағы тұқымбақтардан және Түркістан қаласындағы ботаникалық бақтан алынған. Жоспардың орындалуы қатаң бақылауда.
Түркістанның табиғи тынысына айналған қаланы жасыл аумақта бүгінде көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Қала аумағында терек, қайың, шаған, арша, үйеңкі секілді көпжылдық ағаштар егілді. Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысы облыс әкімінің жеке бақылауына алынған. Әр секторда 10 мыңнан астам көшет отырғызылған.
Шаһар аумағында веложолдар төселіп, газон шөптері себілген. Көшелерде жарықшамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатылған. Кешенді жұмыс барысында жасыл желекті суғару жүйесіне бана мән берілген. Гидрант жүйесі тартылған көшелер тегістеліп, жұмыс тұрақты түрде жүзеге асуда. Бекітілген аумақта тұрақты түрде сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес жасыл көшеттерді желден, суықтан және басқа да сыртқы факторлардан қорғау үшін ағаштар арнайы сымдармен оралып, тіректермен қоршалған. Кей жобаларды жасауға тікелей тұрғындар да атсалысқан. Осылайша, демалатын орындардың жайлы әрі ыңғайлы болуына түркістандықтар үлес қосып, «Халықтық жоба» жүзеге асып жатыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.