Жақсы ана болудың 30 ережесі
- Балаға «Мен сені жақсы көремін» деп жиі айту керек. Бұл сөздің артықтығы болмайды.
- Балаға оны құшақтаған сізге ерекше әсер беретінін және ересек адамның да көптеген проблемаларын шешуге көмектесетінін көрсету керек. Сіз қиналып отырғанда, кішкентайыңызға «Келші, мені құшақташы» деп айтсаңыз жеткілікті.
- Балалармен кешкі ас ішіп отырғанда, күнді қалай өткізгені, қандай қызықты жағдайлар болғаны туралы міндетті түрде сұрау керек.
- Кейде баланы басқа адамдардың көзінше мақтау да маңызды, балаға мұндай сәттер аса қажет.
- Балаларға мақтау сөз айта отырып, осы арқылы баланың басқа адамдарға да өзінің ризашылығын білдіру әдістерін көрсету керек.
- Мүмкіндік бола қалса болды – баланы сүйіп, құшақтаңыз.
- Баланы күлуге үйретіңіз. Сондай-ақ ол өзіне де күле білуі керек. Күлкі көптеген қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі.
- Баланы өзінің іс-әрекеттерін жүрегіне жақын ала бермеуге үйрету керек. Барлық адам қателікке ұрынады, бірақ өз кемшілігін жеңіл қабылдап, кейде тіпті қызық жағдайға айналдырып жіберу екінің бірінің қолынан келмейді. Алайда бұл аса маңызды.
- Балаға «Рахмет!» деген сөзді жиі айту керек. Осылайша, біз оны адамдарға ризашылығын білдіре алатын, рахмет айта алатын, кеңпейіл адам болып өсуге үйретеміз.
- Бәрін кешіре білу керек. Бұл балаға ғана қатысты емес. Мұны балаға да үйреткен дұрыс. Оған қатігездік адамды іштей қинайтынын түсіндірген абзал.
- Балаңызға арнайы күн арнаңыз. Екеуіңіз бірге оңаша өткізген уақыттар ерекше есте қалады. Екеуіңіздің араңыздағы байланысты нығайтады.
- Баланың өзінің шынайылығын көрсетуге тыйым салуға болмайды, тіпті оның көңіл-күйі немесе іс-әрекеті сіздің түсінігіңізге қайшы келсе де, оған тыйым салмаңыз.
- Баланың таңы, яғни, ұйқыдан тұрған сәті күлкіден, сүюден басталуы керек. Тек «Кешігіп барамыз!» деген асығыс айқайдан сақ болыңыз!
- Балаңыз не айтқысы келсе де, бұған әлемдегі ең маңызды әңгіме сияқты назар аударыңыз.
- Сіздің отбасыңызға қатысты жәйттарға қатысты баланың көзқарасын білуге тырысыңыз. Оның пікірі де ескерілетінін сезінуі керек.
- Балаға күрделі істерді жүктеуге қорықпаңыз. Қателессе қателессін, бірақ оның не екенін енді біледі. Өмірінде қажет болуы мүмкін.
- Балалардан көмек сұрауға болады және сұрау қажет.
- Қателікті мойындай білу керек. Сіздің өз кемшіліктеріңізді мойындауыңыз баланы өз қателіктеріне жеңіл қарауға үйретеді. Бала өзі ғана қателеспейтінін түсінеді.
- Сізге балабақшадағы досының есімі, ойыншықтың аты сияқты балаңызға қатысты ұсақ-түйектің барлығы маңызды болуы қажет.
- Балаңызға ұнайтын, тартымды әрі жағымды, еркелететін лақап ат ойлап табыңыз.
- Кейде ертегінің орнына өз өміріңізден қандай да бір оқиғаны айтып беріңіз. Мұның барлығы оны сізбен ғана емес, жалпы отбасымен жақындата түседі.
- Кейде музыка қосып, бірге билеңіздер. Мұндай сәттер ең тамаша кездер десе болады. Отбасыңыз ғана түсінетін құпия пароль немесе құпия сөздер ойлап табуға болады.
- Кейде баланың босаңсуына мүмкіндік беру керек: шұлығы мен киімдерін бөлмеге лақтырып, өзіне бояу жақса да, балаға біраз еркіндік беріңіз. Үй жиналады, ал баланың сол кездегі қуанышы есте қалады. Бірақ әр нәрсенің шегі бар. Бастысы – артық кетпеу.
- Анда-санда болса да, балаға кейде тәртіп бұзуға мүмкіндік беру керек: кешке дейін теледидар көрсін, анда-санда мектепке бармасын. Осындай сирек берілетін мүмкіндіктер бала үшін үлкен мереке.
- Сіз өзіңіздің кемшілігіңізді түсінсеңіз, кешірім сұраңыз. Бұл өте маңызды.
- Балаға өздігінен шешім қабылдауына мүмкіндік беріңіз.
- Егер балаға бірдеңе уәде берсеңіз, оны міндетті түрде орындау керек. Я болмаса, уәде беруді қойыңыз.
- Бала ән айтса, оған қосылып әндету керек.
- Балаға оның әкесі әлемдегі ең мейірімді әрі ең керемет әке екенін айтып отыруды ұмытпаңыз.
- Балаңыздың сізге жасаған әрбір сыйлығын, құттықтауларын сақтап қойыңыз. Ара-тұра бірге қарап, еске алып тұрған да маңызды.
Дереккөз: anabol.kz