…неткен тексіздік бұл, ә?
Бекболат ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты:
Мәселе былай. Өрімдей қазақтың жас жігіттері мен қыздары қатысқан КВН болды. Біреуі шықты шымкенттікті мазақтап. Екінші шықты, оның да сынау объектісінде – Шымкент өңірі. Енді үшіншісі шығып шымкентскийлер, «о, шешең» деп. Қалжыңдары анайы, сондай саяз. Бұл кездейсоқ дүние емес екен. Кәдімгі жүйелі түрдегі елді, қазақты ірітуге бағытталған баяғы отарлық саясаттың сейілмеген салқыны.
Шымкентщина, қазақбайства, мамбетства деген ұғымның астарында өз ұлтыңа деген жиіркеніш сезімін тудыратын психологияны қалыптастыру үрдісі жатыр.
«Әкем жарықтық баукеспе ұры еді, анам байғұс сыпсықай, ұятсыз еді», – деген шындығың үшін сен ешкімге де құрметті болмайсың. Өйткені ұрыдан қары, ұятсыздан арсыз туады. Түсінген жанға ақымақтық, өзін-өзі масқаралау деген осы! Бұл жаманды жаман десе бөркі қазандай болады деген тексіздік.
Тақырыпқа зәру боп дым таппай жатсаң, ана жемқор шенеунікті мазақта.
Түйені жүгімен жұтқан жебірді, өз үйін өзі емес, өзбекке салдырған олақты, қырғызға малын бақтырған салақты мазақта. Астананы ағылшыннан, Оралды орыстан, Ақтөбені қытайлықтардан қызғанбай, Қаратау мен Қазығұрттан келген қандасыңнан Астана мен Алматыны қызғанып, ащы мазақ, улы әжуамен қайта-қайта тап беретін неткен тексіздік бұл, ә?
365info.kz