Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте ұялы телефон ұрлап кеткен кезекті азамат анықталды

2021 жылдың 17желтоқсанында Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда өзінің үйіне белгісіз тұлға жұбайымен сөйлесемін деп кіріп, «Samsung Galaxy» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлермен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.

Қазіргі таңда ұялы телефон ұрлаған азаматтақа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері ұрлық жайты орын алмас үшін бейтаныс азаматтарды үйге кіргізген кезде мұқият болуға, яғни сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨПСАЛАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

admin

Жастар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтті

admin

Шымкент: Тергеушілер қайырымдылыққа атсалысты

admin