Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ ЖОҚ ЖЕРДЕ – ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ ҚАЙДАН БОЛСЫН!

ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ:

Меніңше біздің елдегі  ең түзелуге тиісті басты саясат жердің сатылуы туралы заң. Ол мүлде алынып тасталуы керек. Өйткені жер – сол ұлттың экономикасы, ырыздығы, күнкөрісі. Тілі мен діні де сол арқылы дамиды. Оның сатылғаны – отанының сатылғаны!

Қазір біздің тәуелсіздік кезде туған ұрпақтардың көпшілігі, кешегі кеңестік кезеңде  орыстанғандардан асып түсті. Кеңес дәуірінде қазақ ұлтының 35 пайызы еріксізден орыстанса, дәл бүгін өз ерікмен, саналы түрде орысқа айналуға тырысып жатқандар көп. Мемлекет бұл үрдісті дереу тоқтатуға тиіс. Менің қорқатыным: рухани жаңғыру деген ауызша айтылып-айтылып, үгіт-насихат болып, сол күйінше әркімнің санасы мен жүрегіне жетпей кете ме деген қауіп… Жаңа жолдау шыққанда бетімізді басқа жаққа бұрып кетеміз бе деген күдік…

Әйтпесе, үйреншікті идеология –  құрдымға бет алудың басы болып қала бермек…

Егер идеология мықты болып кеткенде, идеямыз дамып биіктей түсер едік.

Қазақстан-Заман

Ұқсас жаңалықтар

Қ.ТОҚАЕВ,Сенат төрағасы: … ОЛАРҒА ДЕГЕН СЕНІМДІ ӘЛСІРЕТІП

admin

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, т.ғ.д., академик: Өз жеріміздің байлығын өзіміз игеріп отырмыз ба?

admin

Н.НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс төрағасы: Басшылардың жалақысы – бiр миллион теңге

admin