Инфрақұрылым мәселесі фракция бақылауында
Халықтың тұрмысын жақсарту – «Nur Otan» партиясының басты басымдықтарының бірі. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы Шымқаламыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан орнықты дамып келе жатқанын көрсетеді.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы – қаладағы инфрақұрылымды шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарының қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып әзірленген нақты іс-әрекет жоспары!
«Nur Otan» партиясының фракциясы жетекшісі ретінде Жол картасындағы қаладағы инфрақұрылымды арттыру бойынша аудан әкімдерінің және энергетика және инфрақұрылым басқармасының жылдық есептерін тыңдадым.
Партия халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елдімекендерде ауыз су мәселесін назарға алып отыр. Осы орайда Жаңаталап, Сәуле елді мекендері сонымен қатар Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Ақтас, Асар-2 сынды 7-і елді мекені ауыз сумен толық қамтамасыз етілді. Қала бойынша осы жылы ауыз сумен қамтамасыз етуді 98% жеткіздік.
Сондай-ақ, бағдарламада шалғайдағы елді мекендерді көркейтуде көгілдір отын, сапалы электр энергиясын 5 жылда 100% жеткізу жоспарланған.
-Көгілдір отынмен тұрғындардың 93% қамтамасыз етуде №3 автоматты газ реттегіш станциясының құрылысы аяқталуда;
-«М-1-М» және «Бозарық» қосалқы электрстанциялары іске қосылды. 2021 жылға сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуді 95% жеткіздік;
-16 км кәріз жүйесін салу жоспарланған. Бүгінде 88% орындалды.
Партиялық бағдарламаны іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы іс-шаралардың орындалуы үнемі фракция назарында!
Шымкент қалалық мәслихаттағы
«Nur Otan» партиясы фракциясы жетекшісі
Бекайдар Тулегенов