Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ШАРУАЛАР ЛИМОН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

Арыстық шаруалар тропикалық аймақтарға тән лимон жемісін өсіруді меңгеріп келеді. Зейнеткер Әбілқасым Жарымбет аталған жеміс түрін өсіруді қолға алған. Оның қарамағындағы 7 соттық жылыжай 2 кешеннен тұрады. Қазір жылыжайда 26 түп лимон ағашы жеміс беруде. Лимонарийді аралап көрген қала басшысы Гүлжан Мамытқызы кәсіпкерге сәттілік тілеп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы көрсетілетін қолдау туралы баяндады.
Экзотикалық жеміс өсетін жылыжай жер астынан шығатын жылы сумен жылытылады. Жылыжайдағы топырақ та табиғи дәрумендермен тыңайтылады. Кәсіпкердің айтуынша биыл 26 түп ағаштан 1 тонна жеміс алу жоспарланған. Қазірге дейін оның 400-500 келісі жиналды.

Ұқсас жаңалықтар

ХҚО қызметкері көпірден секірмек болған жігітті өлімнен құтқарды

admin

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

admin