Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН 200-ДЕН АСТАМ АДАМ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН

Түркістан облысында жыл басынан бері 200-ден астам адам COVID-19 инфекциясына шалдықты. Соңғы тәулікте 37 жағдай есепке алынса, оның ішінде 4 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Бұл туралы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді.
Жағдайдың күрделене бастауын дәрігерлер – қоғамдық орындарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы мен бетперделік режимге салғырт қарау сынды факторлармен байланыстырады. Сондықтан, сала мамандары қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
«Бүгінде облыс тұрғындарының 99,9 % коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін, 98,4% екпенің ІІ компонентін қабылдаған. «Pfizer» препаратының бірінші екпесін 80 034 азамат салдырса, екінші компонентті салдырғандар саны — 33 076. Жалпы вакцинациялау көрсеткіштері бойынша облысымыз республикада алғашқы үштіктің қатарында. Дегенмен, босаңсуға болмайды. 9500-ден астам кәсіпкерлік нысан «Ashyq» бағдарламасымен жұмыс істеуде»,- деді Нұрбек Садықбекұлы.
Жалпы өңірде КВИ-ға қарсы вакцинаны салдырту жоспарланған іс-шараларға сәйкес мерзімінде жүргізілуде. Облыстық қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Алтын Досанованың мәліметінше, ревакцинацияға 59 687 вакцина жеткізіліп, бүгінгі таңға 40 952 адам екпе қабылдаған.

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге шақырудың алғашқы айында облыстан 400-ге жуық жас әскер аттанды

admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ МҰРАЖАЙ САЛЫНУДА

admin

Абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға әкімшілік шара қолданылды

admin