Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР ҚАҢТАР АЙЫНДА ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУДІ БАСТАП КЕТТІ

Биыл Түркістан облысы, Жетісай ауданы бойынша 78500 гектар аумаққа егіс егіледі жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 мың гектар жерге ерте пісетін қырыққабат егілетін болады деген болжам бар. Жетісай ауданында орналасқан Атамекен, Ералиев ауылдық округтерінің диқандары жылы ауа-райын сәтті пайдаланып 5 гектар жерге қырыққабат көшеттерін отырғызып үлгерген.
Жерді жалға алып егіп отырған шаруаның бірі Сапар Үсенов: «Күн-түн демей қараша айынан бастап жылыжайға ерте пісетін «Пандион» жане «Зарисма» көшеттерін өндіруді бастағанбыз. Дайын болған көшеттерді 5 гектар аумаққа отырғыздық. Былтыр осы жерден 300 тонна өнім алып үлгердік, алынған өнімді көршілес елдерге жібереміз. Былтырғы жылы өнім өзін-өзі ақтады» дейді. Өткен жылы Жетісай ауданында 1097 гектарға қырыққабат егіліп, 38 мың тонна өнім жиналып, экспортталған.

Ұқсас жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

Павлодарлық қонақтар Түркістанда ХҚО жұмысымен танысты

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

admin