Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОХҚО-ЛАР ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ

12 қаңтардан бастап  Шымкент қаласының автоХҚО-лары штаттық режимде жұмыс істей бастады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін  мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады.

Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. АвтоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті.

Автокөлікті  Kaspi және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын да еске саламыз. Сондай-ақ, азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМІЗ АРТЫП КЕЛЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН «ПАРАСАТТЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ

admin

Болашақ десантшылар Шымкенттен әскерге аттанды

admin