Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаратау ауданының əкімі А.Аликулов Тұран-2 шағынауданын аралап, жаңадан пайдалануға берілген көп қабатты үйдің тұрғындарымен кездесті.

Аудан əкімі көп қабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің серіктестігі жəне қарапайым серіктестік құруының маңыздылығы мен ерекшелігін түсіндірді. Басқарудың жаңа нысаны – ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарап, үйдің ерте тозбауына, бір бірлестік – бір есепшот қағидасымен жұмыс жасауға зор мүмкіндік екенін айтты.

Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілген көп қабатты үйлердегі коммуналдық мəселелерді талқылап, аулалардың санитарлық тазалығын жəне қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жүргізуші куәлік алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

admin

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БИЫЛ ТАЗА АУЫЗСУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

admin

Түркістан: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай оқулары» онлайн байқауы өтті

admin