Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы әлеуметтік нысандарда және жол бойында жалпы 14 684 бейнебақылау камерасы орнатылған. Былтырғы жылдың өзінде қала көшелеріне 3177 заманауи камера қойылды. Соның көмегімен мегаполисте орын алған жаппай тәртіпсіздікті дер кезінде тоқтатуға, бүлікшілерге тосқауыл қоюға мүмкіндік туды. Камера арқылы азаматтардың түр-тұлғасын анықтап, күдіктілерді қолға түсірді.

Бұзақылық орын алған сәтте бейнебақылау жүйесінің 189 «сергек» камерасы вандализмге ұшырады. Оның ішінде маңызды саналатын елуге жуық  камера санаулы сағат ішінде қайта қалпына келтірілді.

Қала әкімі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде камераның маңызы зор екенін айтып, бүлінген бейнебақылау камераларын тездетіп қалыпқа келтіру жөнінде тиісті сала басшысына тапсырма берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ЖАНДАР ЕЛ НАЗАРЫНДА БОЛУЫ КЕРЕК

admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА БИДАЙ АЛҚАБЫ 15 800 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

admin

Дариға НАЗАРБАЕВА, Сенат төрайымы: Субсидияларды беру механизмі айқын емес

admin