Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТТЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР ТАЗАЛАНУДА

Бұл жаңбырдан кейінгі су басу қауіпінің алдын алады.  Әл-Фараби ауданы аумағында басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер қоқыстан  тазартылуда.

Аталған жұмыстар «ЛТД Тұрмыс» мекемесі тарапынан жүргізіліп, оған 9 арнайы техника мен 83 адам жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде атқарылады.

Су басудың алдын алу үшін қала тұрғындарын үй жанындағы ирригациялық арықтарды тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан уақтылы тазалап, санитарлық жағдайды сақтауға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қышыма ауруынан сақтанайық!

admin

ТҮРКІСТАН: БАҒАНЫҢ ӨСІМІ БАСТЫ НАЗАРДА

admin

ӨЗБЕКСТАНМЕН ШЕКАРАДАҒЫ «ҚАПЛАНБЕК» БЕКЕТІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ МАҚСАТЫНДА ЖАБЫЛАДЫ

admin