Әзілдер
Бастығы хатшысына:
— Сізді бүгінгі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Осыған байланысты бүгін мекемеде қысқартылған жұмыс күні екенін білесіз бе?
— Иә, білемін.
— Сол себепті, біз сізді жұмыстан қысқартамыз…
***
Құрбылар әңгімелесіп келе жатыр:
— Шынымды айтайын ба? Мына көйлек сені тым толық етіп көрсетеді екен…
— Құдайға шүкір, әйтпесе мен бәріне тәтті тоқашты кінәлап жүр едім!
***
Әйелі күйеуінің тығып қойған ақшасын тауып алады.
– Әй, осынша көп ақша сенде қайдан жүр?
– Жаным, мен саған сыйлық алайын деп…
– А, солай ма? Бірақ, неге сонша аз?
***
Екі құрбы кездесіп қалады. Біреуі екіншісіне:
– Күйеуімді жек көремін…
– Неге?
– Кеше сұлулық салонына барып келейін деп 3 мың теңге сұрағанмын.
– Бермеді ме?
– Одан да сорақы! Ол менің бетіме мұқият қарап алды да, қолыма 10 мың теңге ұстата салды…
***
Жігіт қызды дәмханаға шақырып, көңілінен шығуға тырысып жатыр.
– Шай ішесіз бе?
– Мен мүлде шай ішпеймін.
– Онда мүмкін кофе ішерсіз?
– Кофе де ішпеймін.
– Ал шарап пен колаға қалайсыз?
– Кола да ішпеймін…