Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының инфрақұрылыммен қамтылу жағдайымен танысып, ондағы елдімекен тұрғындарымен кездесті.

Түркістан облысынан Абай ауданы аумағына 37 мыңнан астам халқы бар 10 елді мекен қосылып, ондағы елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Соның бірі — Алтынтөбе тұрғын алабы. Бұл елдімекен 2015 жылы сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал, өткен жылы 8,1 шақырым болатын газ жүйесі тартылды. Осы жылы автоматандырылған газ тарату станциясы іске қосылғанда 1 231 тұрғын табиғи газбен қамтылады. Бұдан бөлек, биыл тұтынушыларды сапалы қуат көзімен қамту мақсатында электр желісін тарту және көшені жарықтандыру жұмыстары және екі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Алтынтөбенің тұрғындарымен болған кездесуде қала басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындардың игілігі үшін жасалып отырғанындығын, елді мекендегі өзекті мәселелер рет-ретімен шешілетіндігін айтты.

Сонымен бірге, әкім газбен қамту мәселесіне баса назар аударып, АГРС-3 нысанын іске қосу бойынша тиісті жұмыстарды аяқтау және қоғамдық көлік аялдамаларын көбейтуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «TULPAR SHYMKENT» САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

admin

ШЫМКЕНТ: 2024 ЖЫЛЫ СЕГІЗ ЖЫЛУ НЫСАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТЕДІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ 83 ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin