Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Түркістан облысында тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

«Дарбаза» полигонында роталық тактикалық топпен тактикалық оқу-жаттығуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізілді. Оған Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері қатысты.

 

Нұсқаулық-әдістемелік сабақполигонда ұйымдастырылғансегіз оқу орнында өткізілді. Әскери қызметшілер байланысты орнату, бүркемелеу, жаппай қырып-жою қаруынан, әуе шабуылына қарсы, жауынгерлік және жорықтық қорғану, материалдық-техникалық қамтамасыз ету тақырыптарынан білімдерін пысықтады. Бұл әскери қызметшілерге оқу тақырыбын үлгілерде көрсетілген мысалдарданнақты көріп, ал оқу нүкте жетекшілерінеқол жетімді түсіндіруге мүмкіндік берді.

— Нұсқаулық-әдістемелік сабақ барлық санаттағы командирлерге де, олардың жеке құрамына да барынша практикалық тәжірибе алатындай етіп өткізіледі. Бұл дәрістерде алынған тәжірибе мен білім жауынгерлік немесе арнайы тапсырмаларды орындау кезінде қажет болады. Рота командирі тез өзгеретін ұрыс жағдайына бейімделіп қана қоймай, сонымен қатар негізгі және қоса берілген күштер мен қаруларды уақытылы пайдаланып, оларды сауатты басқара білуі керек, — деді механикаландырылған бригада командирі полковник Нұркен Қарағұлов.

Сабақтар роталық тактикалық топтыңтактикалық оқу-жаттығуды көрнекі орындалуымен аяқталды. Бөлімшелердің іс-қимылдарын көрсету үшін қазіргі қарулы қақтығыстарға тән жағдай жасалды. Әскери қызметшілер колонналарды алып жүру, аса маңызды объектілерді қорғау, қарсыластың диверсиялық топтарына қарсы күресу және заңсыз қарулы құрамаларды жою бойынша қақтығыс жағдайларын пысықтады.

Ұқсас жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЮРОСЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

admin

«ЖЕТІ ТҰҒЫРДЫ» ТҮГЕНДЕУ – ЖАҢА БУЫНҒА АМАНАТ

admin

ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МАҚТААРАЛДА 4 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin