Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі жалауын желбіретті. Боз кілемдегі белдесуде өңір бойынша 400-ден астам спортшы бақ сынауда. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортқа деген ынтасы жоғары балуандарға сәттілік тіледі. Тартысты бәсеке 4 күн бойы жалғасады. Сайыста оқ бойы озық шыққандар арнайы сыйлықтар және алғыс хатпен марапатталады. Үздік атанған сайыпқырандар ҚР чемпионатына жолдама алады.
