Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИУРСПЕН АУЫРҒАН 2 НАУҚАС ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысында соңғы тәулікте КВИ-дің 2 жағдайы анықталды. Бүгінде коронавирустың тәуліктік өсімі 0,01%-ды құрайды. Облыстағы инфекциялық стационарларда 809 төсек орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 738 төсек-орын бос.
Пандемия басталғалы індеттің 18 437 жағдайы тіркелді. Оның 13953-де симптом байқалмаған. Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. Бірінші компонентпен 1 046 174 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 1 045 940 адам қабылдады. Ревакцинацияны 331 198 адам алды.
Жалпы Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 180541 адам, II компонентін – 122714 адам қабылдаған.

 

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ КӨШЕЛЕРДІҢ ЖОЛ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 80 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АЛҚАПҚА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

admin