Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «ОҢТҮСТІК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА БОЛДЫ

Бүгін, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, фракция мүшесі Бекжанов Берік Айдарбекұлы «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен партия қызметінің жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Nur Otan» партиясы жан-жақты жаңғыртуды іске асыруға белсенді атсалысып, Қазақстанды прогрессивті қайта құрумен жаңғыртудың нағыз қозғалтқышы болуы тиіс екендігі айтылды.
Кездесуге келген партия мүшелері тарапынан да БПҰ қызметін жақсарту, партияны жаңғырту, партиялық имиджді нығайту, азаматтық сектормен өзара жұмыс жасау және т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды.

Нақты талап-тілектер бойынша хаттамалық ұсыныстар түзіліп, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты,фракция мүшесі Бекжанов Берік Айдарбекұлы тиісті жұмыстар жүргізуге ықпал жасайтындығын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫС САНЫ ЕДӘУІР ТӨМЕНДЕДІ

admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ОҢ ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

admin