Еңбегі өлшеусіз, қызметтері мінсіз ұжым
Адам жанына араша түсуге себепші болып жүрген Шымкент қалалық жедел жәрдем мединициналық көмек көрсету ауруханасының қым-қуыт тыныс-тіршілігінде күн мен түннің айырмасыз екенін басына түскен жандар ғана білсе керек. Яғни, бұл аурухананың әр күнінің 24 сағаты қарбалыс тірлікпен аптадан айға, айдан жылға жалғасып жатқанына қарап, мемлекетіміздің де адамға деген шексіз қамқорлығына көзіңді жеткізумен бірге, мұндағы медицина қызметкерлерінің еңбегіне еріксіз тәнті боласың.
Есімі елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге танымал болған «Алтын қолды хирург», медицина ғылымдарының докторы, профессор Бигалиев Мәди Қожаұлының бірнеше жылдан бері аурухана тізгінін ұстап келе жатқаны да бұл ірі мекеменің жұмысын жүйелі жолға қоюылуына жеткізіпті.
Бас дәрігер М.Бигалиевтың асқан дарынды шипагер екендігіне ешкімнің шүбәсі болмаса керек. Ерен қабілет иесінің атақ-абыройы жетерлік дегеннің өзінде, оның өлшеусіз еңбегі қандай марапатпен мадаққа болса да лайықты екені баршаға аян. Ең бастысы, қашанда салмақты да, салиқалы қалпынан танбайтын Мәди Қожаұлының мекеме тынысына сай қатаң тәртіп ұжымның кәдуілгі тірлігіне айналдырғаны дер едік. Ауруханаға жеткізілген әрбір ауру тоқтаусыз жан-жақты тексерілуден өткізіледі. Медициналық аппараттың ең озық үлгілерімен қамтамасыз етілгені де дәрігерлердің әбжіл қимыл көрсетіп, ауруды емдеуді жедел емдеуге мүмкіндік береді. Бас дәрігердің орынбасары Ә.Айнабеков бастаған дәрігерлердің сергек қимылдары аурудың дертіне дәрмен берерліктей болып жатады.
Дертімізге шипа іздеп осы аурухананың 12 хирургиялық бөлімінде емделдік. Бір емес, бірнеше ота жасатып, ойдағыдай емделе алдық. Осы №2 хирургиялық бөлімнің бөлім бастығынан бастап, барша дәрігерлері мен медбикелерінің, техқызметкерлерінің адалынан, шын беріліп атқаратын мінсіз қызметкерлерінің куәсі болдық. Осында емделіп жатқанда аурухананың төрт бұрыншында барша емделушілерге дәл осындай біріңғай қамқорлық барына көзіміз жеткенде бас дәрігер, профессор Мәди Бегалиевтен бастап, оның барша ұжым мүшелеріне шексіз риза болдық. Мұндағы әрбір медқызметкер сенің дертіңнің шипасын табушыдай қызмет жасағанын көргенде бұл ұжымға қалай риза болмайсың.
Мұнда жұма күнінен кейін ендігі «обход» Дүйсенбі күн деген сөз жоқ. Емделуші дәрігерің уақытын тауып, сені сенбі, жексенбі күндерінің өзінде көріп кетіп жатады. Кезекші дәрігер, бөлім басшылары, бас дәрігердің орынбасарлары демалыс күндерінің өзінде аурулардың палатасын аралап жүргені.
Басшылық қаншама ұйымдастыру жұмыстары, өте жауапты ауыр ірі операцияларды өз қолымен өткізетін бас дәрігер, профессор М.Бигалиевтың уақыт тауып, үнемі палаталардағы ауруларды көріп шығатынынан өз көзімізбен көргенді қалың жұртшылықтың «Мәди Қожаұлының өмірінің жарытысынан көбі аурухананың ішінде өтеді» дегенің босқа айтылмағанына көзіміз жеткендей болды.
Ешкім де ауырмасын, ел-жұртымыз қашан да сау болсын деп отырып, басына түскен адам ғана шырылдап жүрек сөзін айтса керек.
Біздер осы аурухананың бас дәрігері М.Бигалиевтың ұядай етіп ұстап отырған ұжымның үлкен еңбектеріне алғысымызды білдіріп, үнемі абырой биігінен көрінуіне тілектестік білдіреміз.
О.Тәжиев, С.Рысбаев,
емделген зейнеткерлер.