Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес Қазығұрт шағын ауданында интернет мәселесі шешімін табуда. Бүгінде мұндағы тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвестор «СпецавтоматикаСервис» ЖШС арқылы талшықты оптика желісі жүргізілуде.

Атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысу үшін Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов аталған аумаққа барып, инвестормен кездесті.

Жоспар бойынша тиісті жұмыстар екі ай көлемінде аяқталып, тұрғындарға сапалы және жоғары жылдамдықтағы интернет қолжетімді болмақ.

Шағын аудан азаматтары жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылу үшін +7 705 783 06 80 байланыс нөмірі арқылы өтінім қалдыра алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«Өз туған күнінде — өз таңдауын жасады»

admin

Шымкентте құны 100 000 теңге тұратын электрқозғалтқышын ұрлаған азамат анықталды

admin

Шымкентте әскери қызметшілерге қиын мәселені қалай дұрыс шешу керектігі айтылды

admin