ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысы, Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков аяулы аналар мен қыз-келіншектерге, қызметте жүрген азаматшаларға құттықтауын жеткізіп, елге еңбегі сіңген, бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан бірқатар аналарды Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпатын жасады.
Іс-шарада аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан мерекелік құттықтау лебізін білдіріп, бірқатар аналарды мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.
Сахнада Шаян лицейі және М.Әуезов, С.Әбдіжаппаров атындағы мектептердің оқушылары өнер көрсетіп, ән айтты, би биледі. Мәдениет үйінің әншілері мерекелік әннен шашу шашты.
Мерекелік салтанатты іс шарадан кейін аудан басшысы Ержігіт Шәріпбеков Шақпақ және Шаян ауылдарында тұратын 100-ден асқан екі ақ жаулықты әженің шаңырағында болып, мерекемен құттықтап, сый-сияпатын тапсырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.