ШЫМКЕНТТЕ ШЕЖІРЕ КҮНІ ЕРЕКШЕ ӨТТІ

Шымкентте Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы мерекелік іс-шаралар бүгін Шежіре күнімен жалғасты. Shymqala кешенінде «Жеті атаның тарихы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Тарихи-мәдени кешен аумағында түнгі базар ұйымдастырылып, көрермендер мен қала тұрғындары Шахристан, Хауыз, Жібек жолы керуені және Цитадель музейіне саяхат жасады, бабалар бейнесіндегі кейіпкерлермен танысты. Ежелгі Жібек жолы бойындағы сауда-саттық көрінісін тамашалап, «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты көрмені аралады.

– Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз – Шымкент қаласының көне тарихынан сыр шертетін орта ғасырлық жәдігерлерді көпшілікке таныстыру. Қала қонақтары мен тұрғындарына, студенттерге, мектеп оқушыларына бабалар тарихы мен даналық сөздерді, ұлттық құндылықтарымыз бен шежіре тарихын насихаттау, – деді Shymqala тарихи-мәдени кешенінің директоры Биболат Атеев.

Бұл кеште «Туған өлкем – жұмақ мекен» тақырыбымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, жергілікті өнер ұйымдарының әншілері мен бишілері өз өнерлерін паш етті. Келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін замануи «Fire show» көрсетілімі де ұйымдастырылды.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев

Фото – Серік Қосаев

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.