Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 250-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Шымкент қаласында 2022 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында жастар ресурстық орталығымен 13 бағыт бойынша 152 іс-шара ұйымдастырылады. Атлаған шараға шаһардағы 360 мыңнан астам жасты қамту көзделуде. Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Шотанов мәлім етті.

Сонымен бірге ол жыл басынан жастар ресурстық орталығымен жоспар бойынша және жоспардан тыс 250-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 92 мыңға жуық жас қамтылғанын айтты.

Жастар ресурстық орталығы жастарға қызмет көрсету, талантты жастарды қолдау, коворкинг орталығы, шағын кітапхана мен психологиялық кеңес беру бағыты бойынша жұмыс жүргізеді.

Жалпы Шымкент қаласында 14 пен 29 жас аралығындағы 240 мыңға жуық жас тұрғын бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ халқына ең алдымен мәдени-рухани тәуелсіздік керек

admin

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БЮДЖЕТІНЕН САЛЫНҒАН ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

Тас жұмыртқалайтын жартас

admin