Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінен қару тәркіленді

 Ағымдағы жылдың 4-сәуірінде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қабанбай батыр даңғылы бойында Түркістан облысы тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірлі “BMW” маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Нақтырағы, автокөлікті тоқтату себебі жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған.  Тәртіп сақшылары азаматқа жасаған құқық бұзушылығы жайында ескертіп, жеке куәлігін талап еткен. Нәтижесінде, жүргізуші автокөлік салонынан құжаттарды алу кезінде қаруға ұқсас затты байқап, шұғыл түрде тәркілеу жұмыстары жүргізілген.

Ал аталған жайтқа қатысты  жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін азамат тиісті аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ҚАСЫМЖОМАРТ КЕЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 3 600 ОРЫНДЫҚ 4 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БИЫЛ АЛМА БАУ КӨЛЕМІ 100 ГЕКТАРҒА АРТАДЫ

admin