Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Шымкентте бірнеше көшеде жоспарға сай, қыстан кейінгі жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Наурыз айындағы ауа-райы қолайсыздығына байланысты жұмыстар уақытша тоқтаған-ды.

Қала әкімі М.Әйтенов бүгінгі аралауында аталған жұмыстардың барысын тексерді.

Қазіргі таңда Қонаев, №1 автожол (Тәуке хан даңғылы жалғасы), Назарбаев, Бәйдібек би, Төлеметов, Момышұлы, А-2 айналма жолдарындағы ойық-шұңқыр жерлер қалпына келтірілуде.

Сәуір айының аяғына дейін магистралды көшелердегі барлық ойық-шұңқырлар ретке келтірілмек. Бірінші кезекте қаланың магистралды көшелері, кейіннен ішкі орам көшелерінің шұңқырлары жамалады.

Қала басшысы жөндеу жұмыстарын жіті қадағалануын және сапалы орындалуын тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Ш.Т. Утеев тағайындалды

admin

АРМАН ЖЕТПІСБАЙ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ҮГІТ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ТӘРТІП САҚШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin