Ақбота Сейтмағанбет пен Дәурен Айдарқұлов ажырасып кетті
Бұл жайлы Ақбота өзінің Іnstagram парақшасында оқырмандарымен бөлісті, деп жазады reactor.inform.kz.
«Бүгін мен өзімді ерекше сезіндім. Арқама қанат бітіп, барлығына дайын екенімді білдім. Басымнан көптеген өмір сабақтары өткені үшін, жоғарыдан түскен сынақтар үшін тағдырыма алғысым шексіз. Мені жамандап, жеке өміріме қол сұққандарыңыз үшін де рахмет. Сіздердің арқаларыңызда мен одан әрі мықты болдым. Өмірге деген құштарлығым артып, қуанышты сәттерді шынайы сезіне білдім. Бүгін мен сіздермен шындықты бөлісіп, оқиғаның нүктесін қойғым келеді. Мен және бұрыңғы күйеуімнің арасында не болғанын соншалықты білгілеріңіз келді. Мен бұл адамды қасымда ұстаудың енді қажеті жоқ деп шештім. Оған деген ешқандай ренішім жоқ. Арамызда шын мәнінде не болғанын білмейсіздер. Неліктен, бір емес екі отбасын тастап, үшіншісін құрды. Енді міне үшіншісімен де қоштасты. Оның артында 10 әйел болса да, оның бақытты болғанын қалаймын. Мені алаңдататын бір жәйт қана: менің кішкентай ұлым. Маған осындай періште сыйлаған Аллаға мың да бір шүкір. Мені жалғыз қалып қойды деп аяудың керегі жоқ, менің інім және туған-туысқандарым бар…», — деп ағынан жарылды.