Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШАПЫРАШТЫ ТҰРҒЫН АЛАБЫ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛҒАН

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуде елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын  баяндап, алдағы жұмыс жоспарларын таныстырды.

Бүгінде Сайрам аумағындағы Шапырашты тұрғын алабы ауыз су және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Табиғи газбен 90 пайыз қамтамасыз етілген. Саяжай көшесі аумағындағы үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарына енгізілді.

2021 жылы 2 көшеге (Шатемір, Шырынбек ата) шағал тас төселсе, биыл 1 көшеге шағал тас төсеу жоспарлануда. Келесі жылы 3 көшені (Байзақов, Наурызбай батыр, 2,3 көшелер) қамту жоспарға енгізілген.

Тұрғын алапта 2023 жылы 2 көше (Байзақов, Саяжай) жарықтандырылады. Ал оптика желісімен 2024 жылы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Айта кетсек, елді мекенде өткен жылы әмбебап спорт және балалар ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Береке Сейітжаппар

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

ҚАРШАДАЙ БАЛА МҰНША ҚАТЫГЕЗДІКТІ ҚАЙДАН АЛЫП ЖҮР?

admin

Ер-балаларға әскери жоғары оқу орындары туралы айтылуда

admin

«ТҮРКІСТАН — ҚЫЗЫЛЖАР — ҚОСТАНАЙ — КӨКШЕТАУ» АҚПАРАТТЫҚ ТУРЫ БАСТАЛДЫ

admin