Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

Атышулы Тоқтар Төлешовтің ісі басқа бапқа ауыстырылды

Атышулы Тоқтар Төлешовтің ісі басқа бапқа ауыстырылды, деп хабарлайды КТК арнасы. «Сыра королі» адвокатының айтуынша, «Пара беру» бабы бойынша тағылған айып енді «Өкiлеттiктердi терiс пайдалану» бабына өзгертілген.

Төлешовтың өзі есепшінің кіммен жұмыс істегенін және оның не атқарғанын білмеген дейді адвокаты. Сонымен қатар, Шымкенттегі қаржылық қылмысқа қатысты Төлешовтің ісі бойынша жүріп жатқан сотта тағы 8 адамның ісі қаралуда. Естеріңізге салсақ, шымкенттік кәсіпкер былтыр қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен, соның ішінде «билікті күшпен басып алмақ болды» деп айыпталып, 21 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕГІН КҮТІП-БАПТАУҒА АҚШ ТЕХНИКАСЫ ҚОЛДАНЫЛУДА

admin

БРИТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА МҮДДЕЛІ

admin

МАҚТААРАЛ: ФЕРДАУСИ АУЫЛЫНДА 10 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

admin