Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Бас мақала

Елбасы Өзбекстан президентімен бірге Ташкенттегі Төле би мавзолейіне барды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Төле би мавзолейіне барып, гүл шоқтарын қойды. Елбасымен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бірге жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.  порталы

Айта кетерлігі, «Төле би мавзолейі» сәулеттік кешені Ташкент қаласының ең танымал көрікті жерлерінің бірі саналады. Сәулет ескерткіші ХY ғасырдың бірінші жартыжылдығында салынған. Мавзолейде Төле бидің мүрдесі жерленген. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Өзбекстан халқының жалпыұлттық символы саналатын «Тәуеліздік және гуманизм» монументіне барды.

Ташкенттің Тәуелсіздік алаңында тұрғызылған сәулеттік кешенде Өзбекстанның картасы бейнеленген қола глобус пен қолына бала ұстаған ана бейнеленген. Қола глобус 1991 жылы орнатылған болатын. Ал 2005 жылдың желтоқсанында еcкерткішке жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, «Бақытты ана» мүсінімен толықтырылған. Өзбекстан Президентінің 2006 жылғы 3 ақпандағы қаулысына сәйкес кешенге «Тәуелсіздік және гуманизм» атауы берілген.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

admin

Медициналық сақтандырудың берері мол

admin

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 11 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin