Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер есірткі затын сақтаған азаматты анықтады

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 33 жастағы тұрғынды ұстады.

Азаматты ұстау барысында  күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас өзіне тән хош иісі бар 5 дана полиэтилен пакетіне оралған өсімдік табылып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған. Бұдан өзге  20 дана полиэтилен пакетіне оралған өсімдікті жасырған жерінен алмақшы болғаны анықталды.

Дәлелдеме ретінде сотқа есірткіні жасыру орындары көрсетілген геобелгілері бар ұялы телефондар ұсынылды.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Шымкенттік полицейлер есірткіні немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, имеденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Қазіргі кездегі қоғамның басты дерті – нашақорлық. Есірткі қолданған тұлға кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету т.б. бейімделеді. Сондықтан да әрбір азамат нашақорлықтың зиянын жіті сезініп, ғасыр дертімен күресу керек.

Егер, Сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның «102» арнасына хабар беруіңізді сұрайды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛ СЕНІМІН АҚТАУДАН АРТЫҚ АБЫРОЙ ЖОҚ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

admin

Шымкент: Полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

admin