ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БҰРЫМДЫ БОКСШЫЛАРЫ ЧЕМПИОНАТТАН 5 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Қостанай қаласында бокстан жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Тартысты өткен сайыста Түркістан облысының намысын қорғаған арулар 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
66 келіде Айсұлу Мұхитқа тең келер қарсылас болмады. Ол өз салмағында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал 52 келіде бақ сынаған Нұрай Күнгейбай мен 63 келідегі Еркеназ Сейтбек күміс жүлдеге иелік етті. 46 келіде Аруна Жетпіс пен 70 келідегі Назерке Мақұлбекова қола жүлдегер атанды.
Ел чемпионатында жеңімпаз атанған бұрымдылар ұлттық құрама сапына алынып, алдағы уақытта Азия, әлем біріншіліктерінде еліміздің намысын қорғайтын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.