Күнделікті тұрмыста қолданатын тұздың қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Оның адам денсаулығына тиімді тұстары өте көп. Әсіресе салқын тигеннен пайда болатын аурулардың алдын алуға көмектеседі.
1. Тамақ безі ісінгенде
1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз салып, күніне бірнеше рет тамағыңызды шайыңыз. Сонымен қатар, 1 стақан жылы суды ½ шай қасық қайнатпа тұзбен араластырып, оған 4-5 тамшы йод қосыңыз. Дайын болған тұнбаны мұрныңызға тамызып, жұтқыншағыңызды жуыңыз.
2. Жөтел мазаласа
1 стақан суды 1 шай қасық ас тұзымен араластырып, қоспамен тамағыңызды шайыңыз.
3. Сүйек кеміріп ауырғанда
1 стақан бал мен 1 стақан тұз және 1/5 стақан шомыр шырыны. Барлығын жақсылап араластырып, ауыратын жеріңізді сүртіңіз.
4. Тісіңіздің амандығы үшін
Тісіңізді аман сақтағыңыз келсе, әр таң сайын 2-3 кесек теңіз тұзын соруыңыз керек. Ол тек тісіңізге емес, қызыл иегіңізге де пайдалы.
5. Артық салмақтан арылыңыз
2 кг теңіз не ас тұзын қайнатылған жылы су толтырылған ваннаға салыңыз. Сосын сол суға 15 минут шомылыңыз. Мұндай ванна сізге артық салмақтан арылуға көмектеседі.
