Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕККЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ АРНАЙЫ КОММИСИЯ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Білісбеков Ерғали Дәулетбекұлының қатысуымен  «7-20-25» бағдарламасы бойынша конкурстың өткізілу барысы туралы өткен баспасөз брифингінде айтылды.

– Портал ашық әрі толық автоматтандырылған. Күні кеше өтінім тапсырған азаматтардың тізімі де жарияланды. Ендігі кезеңде арнайы комиссия барлық өтінімдерді зерделеп, құжаттарды тексеретін болады. Комиссияға өзім төрағалық етемін. Құрамына БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғамдық ұйым белсенділері енгізіледі,- деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.

 

Айта кетейік, аталған бағдарламаның өткізілу уақыты 2022 жылдың 11-15 сәуір аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша «Shymkent-baspana.kz» сайтында таңғы сағат 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін өтінімдер автоматты түрде қабылданды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациядық орталығы

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Бөгденің атынан несие рәсімдеп, үйін сатқызған

admin

МАҚТААРАЛДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА 800-ДЕН АСТАМ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН ТАРТЫЛҒАН

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin