Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Шымкентте Қаратау ауданының әкімі және жастардың кездесуі өтті. Белсенді жастар қатысқан іс-шара еркін форматта өтті.

Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығы және аудан әкімдігінің ішкі саясат және мәдениет бөлімі ұйымдастырған кездесуге Назарбаев Зияткерлік мектептері және орта мектептердің оқушылары, мұғалімдері мен жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, студенттер қатысты. Жуырда тағайындалған аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов өзінің студенттік кезеңі мен еңбек жолы туралы баяндады.

– Жоғарғы білім ешқашан артық етпейді. Мен үш оқу орнын тәмамдағанмын. Біздің кезімізде оқулықтарды кітапханадан тапсақ, қазіргі жастарда мүмкіндік мол. Енді жастарға жұмысқа орналасуда да жеңілдіктер болмақ. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері үздік оқыған жастарды қызметке конкурссыз алу туралы ұсыныс әзірлеп жатыр, – деді Рахымберді Жанысбекұлы.

Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев

Фото – Серік Қосаев

Ұқсас жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ ҚҰРСАЙДЫҢ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

admin

Түркістан: Әкімдік қызметкерлері кәсіпкердің құжаттарын уақтылы рәсімдеуіне кедергі келтірген

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НӨСЕР ЖАҢБЫР САЛДАРЫНАН ӨЗЕНДЕР АРНАСЫНАН АСУДА

admin