Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Тұрғындар көтерген мәселе шешімін таппақ

Қала әкімі М.Әйтенов күні кеше Еңбекші ауданының 2-ші секторына қарасты шағын аудандардың тұрғындарымен кездескен болатын. Аталған кездесуде көтерілген мәселелерді шешу мақсатында, бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен құзырлы басқармалардың жауапты мамандары «Жас дәурен» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Атап айтсақ, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, сонымен қатар, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының, аудан әкімшілігінің мамандары тұрғындармен бірге Темір жол өткелі және Жастар көшелерін аралап, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және үйлердің мекенжай нөмірлерін реттеу мәселелерінің шешілу жолдарын қарастырды.

Ағымдағы жылы Жастар көшесі және Темір жол өткелі асфальтталды. Темір жол өткелінің мектепке баратын жолын жарықтандыру жоспарда бар. Темір жол өткелінің қалған ішкі орам көшелері 2023 жылы асфальтталатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшілеріне жаңа Заңнамаға енгізілген толықтырулар түсіндірілді

admin

БҮГІН АРЫСТЫҚТАР 100 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ АЛДЫ

admin

ШЫМКЕНТТЕ 6 ЕМХАНА, 1 ПЕРЗЕНТХАНА САЛЫНБАҚ

admin