Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазығұртта нөсер суынан зардап шеккен тұрғындармен кездесуде мал шығыны есептеліп, бүлінген құрылыс нысандары зерделенетінін айтқан болатын. Бүгінде ауларға Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Мұхан Байтеміров бастаған топ келді. Олар Қазығұрт ауданындағы нөсер жауын салдарынан зақым келген тұрғын үйлердің жай-күйін, төзімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жұмыстарын бастап кетті. Сараптамадан кейін ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
