Шымкентте заңсыз топырақ қазған жүк көлігі айыптұраққа қойылды

Қала аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату бойынша Табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау, оның алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде.

Мәселен, кезекті рейдтік шара барысында тәртіп сақшылары Бозарық айналма аумағында жүк арту көлігімен заңсыз сазды топырақты қазып, “HOWO” маркалы жүк көліктеріне артып жатқан тұлғаларды анықтады.

Оқиға орнына Қаратау ауданы Полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақыртылып, құқық бұзушылық құралы ретінде пайдаланылған жүк тасу көліктері заңды шешім қабылданға дейін айыптұраққа қойылды. Азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жүргізушілер өз кінәсін толығымен мойындап, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін осы қадамға барғанын айтқан.

Аталған жайт бойынша экологияға келтірген залалдың көлемі анықталғаннан кейін тиісті шара көрілетін болады.

Жалпы, жыл басынан бері жүргізілген жұмыстар барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған төрт жайт оның ішінде бір экскаватор анықталып және 3 жүк тасу көліктері айыптұраққа жөнелтілді.

Осыған орай, шымкенттік полицейлер азаматтарға табиғатқа қиянат жасамауға шақырады. Табиғатқа зиян келтіріп жатқан ауыр жүк көліктерінің әрекетін байқаған жағдайда тез арада «102» арнасы арқылы полицияға хабар берулеріңізді сұрайды.

Сондай-ақ, аң, заңсыз жер қойнауын қазу, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.