Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте құрылыс жұмыстарын жүргізген азамат ұрлық бойынша ұсталды

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан азамат жасырын түрде «Crown» маркалы перфораторын ұрлап кеткен.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) тіркеген. Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында жәбірленушіден жауап алынып, жақын маңдағы бейнебақылау камералары жіті қаралған. Нәтижесінде ер адамды жедел уәкілдер тұрғылықты жері бойынша ұстады.

 Азамат өз кінәсін толықтай мойындап, сол уақытта ақшадан қиналып жүргендіктен құрылыс затын ұрлау арқылы оңай  жолмен ақша таппақшы болғанын айтқан.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Жәбірленушіге ұрланған зат қайтарылған. 

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін, барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін кезде сенімді азаматтарға тапсыруға кеңес береді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы жалғасуда

admin

ТҮРКИЯДА “ROAD SHOW ISTANBUL “WELCOME TO TURKISTAN-2021 “ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА НЫСАНДАРЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

admin