Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жалғыз ұлының әкесі туралы айтты
Меруерт Түсіпбаева баласының әкесі кім екенін және онымен не себепті ажырасып кеткенін айтты. Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
“Біз 8 жыл бірге өмір сүрдік. Бұрынғы күйеуім – “Қимай сені барамын” атты бейнебаяндағы жігіт. Менің
баламның әкесі. 8 жылдан кейін біз ажырасып тындық. Не жұмысымды істей алмай, не отбасындағы мәселелерді ретке келтіре алмай сенделіп көп жүрдік. Көп қиналдық. Сонымен, артынан бір шешімге келдік. Жас болдық, мас болдық. Бір-бірімізді түсінбедік. Арамызда қызғаныш болды. Оның үстіне мен жұмыс істегім келді. Ал ол “Үйде отыр” деген секілді әңгімелер айтты. Ақырында қатты қиналып кеттім”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.
Әнші жуырда жаңа үйіне көшіп барған екен. Енді терезесінен әдемі табиғат көрінісін көретінін айтып мақтанды.
“Әйнекті ашқан кезде мен тау көремін. “Біз таулықпыз” деп Мұқағали Мақатаев айтпақшы, тау өнер адамына үлкен серпіліс береді. Жаңа пәтерге көшкенім рас. Бұрын-соңды тұрып көрмеген ауданға бардым. Алматы – менің ең соңғы және алғашқы махаббатым. Жуырда ғана үйімнің жөндеу жұмыстары аяқталды. Өйткені, біз оны жаңадан салынып жатқан жерінен сатып алған болатынбыз. Осы жолы интерьер дизайнерін жалдауды жөн көрдім. Жұмысы көңілімнен шықты. Қазір тауға жақын тұрғаным үшін қуанып жүрмін”, – дейді ол.
Дереккөз: Stan.kz