Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ БАСАМЫЗ

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ғани Ташқараев пен AMANAT партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арай Есенбек дендросаябақ ұжымымен кездесті.

Жиын барысында мәжілісмен, 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқанын, референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін екенін мәлімдеді. Осыған орай, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады екен.

«Конституцияға өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі тек Қазақстанда емес, көрші елдерде де болып қалыпты саяси процесс (Ресей Федерациясы – 2020 жыл, Қырғызстан – 2021 жыл, Беларус Республикасы – 2022 жыл). Себебі уақыт озған сайын заман талабы өзгеріп келеді. Оған сай болуымыз шарт»,- деді Ғани Әбдіғаниұлы.

Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге де негіз бар. Ол биліктің өкілді тармағын (Парламент, мәслихат) айтарлықтай күшейтеді. Жаңартылған Заң аясында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітуі – елдегі саяси партиялардың тең дәрежеде бәсекеге түсіп, демократиялық үдерісті үдете түсетіні сөзсіз.
Алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

КазНУ имени аль-Фараби – бессменный лидер в рейтинге вузов

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АҚШ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin