Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықМәдениет

ШЫМКЕНТТЕ «ҰЛЫ ДАЛА ТАҢЫ» ТАРИХИ-КӨРКЕМ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Шымкент қаласында белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты тарихи-көркем фильмінің тұсау кесері өтті. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жаңа туындыны көпшілікпен бірге тамашалады.

Тұсаукесер жиынына қоюшы режиссер А.Сатаев, актерлер Б.Айтжанов, А.Әбдіқадыров, Е.Жолжақсынов арнайы қатысып, жаңа туындының ерекшелігін, құндылығын атап өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген кино туынды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Фильм желісі Қасымханның өмірі, билік құрған кезі мен Қазақ хандығының гүлденіп, нығаюы жолындағы күресті баяндайды. Қазақ хандығы тарихында Қасымханның алар рөлі ерекше.

Басты рөлдерді Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, тағы басқа актерлер сомдайды. Қала тұрғындары жаңа фильмді тамашалап, өнер туындысын жоғары бағалады.

«Шымкент келбеті» – Т.Қасымов

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ҰБТ-ҒА 18634 ТҮЛЕК ҚАТЫСАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: БЮДЖЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

admin