ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

«Тәуелсіздік» саябағында 4 – маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздері күні» мерекесіне арналған іс-шарасы өтті.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

ҚР Мемлекеттік Ту ұстаған шерушілер үш топқа бөлініп қала көшелеріне шеруге шықты. Әуелеткен ән, туды желбіреткен 30 автокөлік шерушілері Төле би көшесінен шығып Ордасы алаңында бас қосса, 30 велоспортшылар шеруі мен Қазыбек би көшесінен Ордабасы алаңына және Ту көтерген 30 еріктілер Әйтеке би көшесінен Орбасы алаңына келеді.

Тәуелсіздік саябағы, Рәміздер алаңында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы және депутаттар, барша патриот жастар қатысты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.