Шымкентте полиция қызметкерлері жастармен таңғы жаттығу өткізді

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ұйымдастыруымен «26 маусым – халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне» орай жастарға Металлург саябағында таңғы жаттығу өткізілді.
Іс-шараға  дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері және ерікті жастар мен саябақтағы демалушылар қатысты.
Таңғы жаттығуды жүргізген спорт шеберлері әр жаттығудың өзіндік ерекшеліктері, оның адам ағзасына пайдасы туралы ойларымен бөлісті.
Қатысушылар қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
«Біз есірткіге қарсымыз» деп ұрандатқан олардың жаттығуына куәгер болған қала тұрғындары қатысып және оған қолдау білдіріп, ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.